• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Алаяқтар 34 миллион теңгемен қолға түсті

284 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 18 сәуір. Қарағандыда ірі көлемде алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері қолға түсіп, тиісті жазаларын алды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Күдіктілер жедел-іздестіру шаралары барысында «Kassa Nova Банк» АҚ Қарағанды филиалының жанында «Сәулет Құрылыс Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп шотынан алған 34 миллион теңгемен қоса қолға түсті. Қылмыстың негізі идеясы мынадай болған. Олар пайда табу үшін контрагенттерге салықтан жалтаруға көмектесіп жүрген. Сондай-ақ, қылмыскерлер жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін құрып, жалған кәсіпорындарды бүркемелеп отырған. Қылмыстық топтың үш мүшесі лайықты жазаларын алды. Топты құрған әйел 8 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленді. Оның екі сыбайласы 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыскерлерден алынған 34 миллион теңге мемлекет пайдасына берілді. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі. Фото: infovending.ru.