• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Мексикада зика безгегін жұқтырғандар саны 239 адамға жетті

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Мексикада зика безгегіне шалдыққандардың саны 239 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл мемлекетте аталған індетті жұқтырған алғашқы адам 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында тіркелген. Ал бүгінге дейін зиканы 65 жүкті әйелдің жұқтырғаны белгілі болды. Қазір олар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Дегенмен 7 әйел аман-есен босанған. Мамандардың айтуынша, нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Зика індеті көбіне Aedes Aegypti түріндегі маса арқылы таралады. Осыған дейін бұл маса түрі адам денсаулығына қауіпсіз деп есептелетін. Алайда, ғалымдардың ашқан жаңалығынан кейін тұрғындар қорғанып жүруге мәжбүр болды Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.