• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Әскери теңізшілер Бахрейнде болып қайтты (фото)

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Қазақстан Республикасы мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасында екіжақты ынтымақтастық шеңберінде еліміздің Қарулы Күштері Әскери теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов теңіз инфрақұрылымының қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық симпозиумға қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінгі таңда теңіз инфрақұрылымы өте көкейкесті мәселе. Әлемнің көптеген елдері лаңкестердің, қарақшылардың тарапынан қауіп-қатерлерге душар болып отыр. Осы қатерді болдырмау және сауда кемелерінің теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңіз компанияларына Әскери-теңіз күштері және жағалық күзетпен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Конференция барысында 30 елдің Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, 20-дан аса компания және әскери-теңіз саласындағы 30-дан аса маман осы және өзге де мәселелерді талқылады. Одан басқа, сапар барысында ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы бесінші флоттың қолбасшысы вице-адмирал К. Донеганмен кездесті. Кездесуде ҚР ҚК ӘТК әскери қызметшілерінің АҚШ ӘТК 5-ші флотының корабльдерінде практикадан және тағылымдаман сәтті өтуі, сондай-ақ олардың әртүрлі конференцияларға, форумдар мен симпозиумдарға қатысуы талқыланды. Сонымен қатар екі елдің әскери қызметшілері АҚШ ӘТК-нің «Proud Lions» корабліне барды. Бүгінгі таңда шетелде еліміздің Әскери-теңіз күштерінің болашақ әскери қызметшілері атанатын 50-ден аса қазақстандық курсант білім алып жатыр. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.