АСТАНА. 19 сәуір. ҚР Қарулы Күштерінде заң бойынша белгіленген 12 ай мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі жауынгерді әскери қызметтен жоспарлы босату басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құрлық әскерлері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 850-ге жуық, «Шығыс» ӨңҚ 550-ден аса, «Батыс» ӨңҚ 500-ге тарта, «Астана» ӨңҚ шамамен 50 әскери қызметші, Аэроұтқыр әскерлерінен 900-ге жуық, Әуе қорғанысы күштерінен 950-ге тарта, Әскери полициядан 30-ға жуық, СК – ҚР ҚМ АОСК-нан 25-тей әскери қызметші босатылады.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босату жыл сайын жүргізіледі.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.