• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Астанада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

442 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Чемпионатта еркін күрес стилі бойынша 76 кило салмақта Мереке Құдайбергенова бас жүлдені жеңіп алды. 68 килода Нұрлыбек Алдабергенов пен 75 килода Ғалымжан Мансұр, 100 кмлодан аса салмақта Марат Баймаханов қола жүлдені иеленді.

Классикалық стилі бойынша 62 килода Райымбек Рантаев пен 68 кило салмақ дәрежесінде  Нұрлыбек Алдабергенов чемпион атанса, 75 килода Айдос Саудаев қола жүлдені еншіледі.

Енді Қазақстан чемпиондары Ресейің Набережные Челны қаласында болатын әлем чемпионатына қатысады.

Дастан Кенжалин.

Дерек, фото: Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы.