• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа басшысы тағайындалды

247 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 19 сәуір. «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының бас директоры болып Парамжит Калон тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «2016 жылдың  1 мамырынан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын  ArcelorMIttal компаниясының вице-президенті және топтың басқарушы комитетінің мүшесі  Парамжит Калон басқарады. Ол «АрселорМиттал Кривой Рог» ӨАҚ және ТМД «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының (АҚ) бас директоры қызметін атқарды»,  делінген  хабарламада. Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржы директоры болып Ашок Кумар Сонталия тағайындалды. Ол осыған дейін  ArcelorMIttal компаниясының бас менеджері болып қызмет еткен. Жаңа қаржы директоры да қызметіне 1 мамырдан бастап кіріседі. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.