АСТАНА. 20 сәуір. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Мардан қаласында лаңкестік әрекеттен 1 адам қаза тауып, 23 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарылғыш затты беліне орап алған жанкешті мемлекеттің салық жинау департаментіне басып кіріп, бей-берекет оқ жаудырған. Артынша өзін өзі жарып жіберді.
Мәліметтер бойынша бұл жолғы шабуылды «Талибан қозғалысы» өз мойнына алды. Сондай-ақ, Лахор қаласындағы «Гульшан-е-Икбал» ісіне де қатысы бар екені белгілі болды. Террорлық әрекеттен 70-тен астам тұрғын мерт болып, 300-ден астамы жарақат алды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Фото: inform.kz.