• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2016

Мемлекет қайраткері Сағидолла Құбашев қайтыс болды

635 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 сәуір. Алматы қаласында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Фурманов көшесі, 220-үйде өтеді. Сағидолла Құбашев 1927 жылғы 10 ақпанда Атырау облысының Индер ауданында туған. 1949 жылы зоотехникалық-ветеринарлық институтты аяқтады. 1953-1960 жылдары Индер ауданының «Передовик» елді мекенінде колхоз председателі болған. 1960-1963 жылдар арлығында Гурьев облыстық депутаттар кеңесі атқару комитетіне төрағалық етті. Ал 1975-1979 жылдары Қазақ Министрлер Кеңесін, Ақтөбе, Қызылорда облыстық атқару комитеттерін басқарған. Қазақстан Компартиясының XI, XII, XIII, XIV, XV, XVI съездерінің мүшесі болған. 1987-1988 жылдары Компартияның Орталық Комитеті бюросының мүшесі болды. Ел дамуына айтулы үлесін қосқаны үшін бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.