АСТАНА. 20 сәуір. Білім және ғылым вице-министрі болып Эльмира Суханбердиева тағайындалды. Ұжымға жаңа орынбасарды министр Ерлан Сағадиев таныстырды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Эльмира Суханбердиеваа осыған дейін Астана қалалық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Ол Атырау облысының Гурьев қаласында 1971 жылы 26 қазанда туған. 1989 жылы Ақтау қаласының № 16 мектебін бітірген.
1994 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тарих және құқық» факультетін, 2002 ж. – «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша халықаралық еңбек академиясы тәмамдаған.
2009 ж. – Халықаралық бизнес академиясы: іскер әкімшілік магистрі, ЖАМ ғылыми атағы бар.
2010 ж. – Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры.
2012 ж. – Астана қаласының V шақырылымдағы мәслихат депутаты.
2014 ж. – Астана қаласы білім басқармасының басшысы.
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» жоғары мәртебесіне ие болған. Астана және Алматы қалалары әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: inform.kz.