• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Шілдеге дейін жалғасатын жаттығу

389 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өтіп жатқан «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады. Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маңызы жағы­нан түбегейлі ерекшеленеді жә­не айрықша бағытқа ие. Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді. Себебі, Сарышаған полигонының ауданы мен осы полигонның әкімшілік орта­лығы – Приозерск жабық қала­сында ұзақ уақыт бойы пайда­ланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар қираған, жөндеуге және әрі қарай пай­далануға келмейді. Оқу-жат­тығудың әзірлемесіне сәйкес белгіленген аумақта ор­наласқан бірқатар ғимараттар мен құрылыс­тар миналап тасталды. Одан кейін ережелерге сәйкес мамандар құрылыстарды жарды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеуді, сондай-ақ, аумақты тазартып, пайдалануға беру мүм­кіндігін жүргізеді. Осылайша, практикалық саба­қ­­тар бөлімшелердің жеке құра­­мының, оның ішінде әскери ин­же­нерлердің дағдысы мен ма­шы­­ғын жетілдіруге мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, «Жәрдем-2016» оқу-жаттығуына қатысуға 100-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ, 10-нан астам әскери қопарушы маман тартылды. Оқу-жаттығуға шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни бульдозерлер, тиегіштер және экскаваторлар тартылды. Деректерге сүйенсек, оқу-жат­тығу үстіміздегі жылдың шіл­десіне дейін жалғасады. Жалпы, екі жарым ай ішінде әскери қызметшілер 60-тан аса ғимарат пен құрылысты жаруды жоспарлауда. «Егемен-ақпарат»