• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

Болар елдің борышы бұл

374 рет
көрсетілді

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жылға аяқ басты. Аз уақыт ішінде еліміз іргелі елге айналып, тарихи тағылымдарға қол жеткіздік. Қазақтың ұлы ақыны Абай ата­мыздың «Жарық болсаң, жа­рықты кім көрмейді» дегеніндей, әлем елдері сол жарықты көріп, бағасын берген бақытты сәтті де көрдік. Соның бәрі Тұңғыш Пре­зиден­ті­міздің көреген саясатының арқасы. Біздің колледж ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кө­регендікпен жүргізіп отырған сая­сатын қолдай оты­рып, референдум арқылы Елбасы өкілет­тігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі бастаманы бір­ау­ыз­дан қолдайды. Өйткені, еліміз тәуел­сіз­дік алған 20 жыл ішінде экономикалық жағы­нан серпінді, демократиялық тұр­ғыдан сали­қалы  түрде дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Қазіргі таңда еліміз – халық­аралық қоғамдастықтың белсенді мүшесі әрі Орталық Азиядағы аса беделді мемлекет. ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық етіп, Астанамызда Саммит өткіздік. Мұның бәрі Нұр­сұл­тан Назарбаевтың әлемдік дең­гей­дегі  саясаткер ретіндегі беделін танытады. Ел мен елдің өзара ын­ты­мақ пен достықта қау­іпсіз даму­ын қамтамасыз етуді қалай­тынын көрсетеді. Сол қасиетті жолдағы ұлан-ғайыр еңбегін паш етеді. Жақында колледж ұстаздары мен еңбек ардагерлері бірігіп үл­кен жиын өткізді. Жиынның мақ­саты – ұстаздарға ортақ міндет, яғни ел болашағы – білімді жас­тарды тәрбиелеу жолындағы Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асы­ра отырып, Н.Назар­баевтың ел бас­қару құзыретін ұз­артуға қолдау көрсету болды. Онда ардагерлер Я.Шынәсілов, В.Юношев, В.Шишкалов, Г.Сейітова, Е.Олжабаева Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті, Ұлт Көш­бас­шысы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың табандылығы мен ерік-жіге­рінің ар­қа­сын­да аз уақыт ішінде еліміз­дің орасан зор тарихи табыстарға қол жеткізгендігін, хал­қымыздың санғасырлық ар­ман-мақса­тының орындалып жатқан­ды­ғын айта келіп, Нұрсұлтан Назар­баев­тың ел басқару құзыретін 2020 жылдың 6 жел­тоқсанына дейін ұзарту ту­ра­лы референдум өткізу бастамасын қолдауға шақырды. Сәуле МҰСАЕВА, Абай атындағы гуманитарлық колледждің директоры. Жамбыл облысы.