• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Қытайда өткен жарыста қазақстандықтар жеңіске жетті (фото)

294 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 26 сәуір. Қытайда Уренфун тұжырымы бойынша өткен ережесіз жекпе-жек сынында қарағандылық ABADAN кәсіпқой клубының спортшылары тамаша табысқа қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. ММА тұжырымы бойынша  Азия чемпионатының күміс жүлдегері Алтынбек Бажимов 66 кило салмақта қарсыласын ауырту әдісімен жеңді. Сондай-ақ, ABADAN кәсіпқой клубының тағы бір мүшесі, 61 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Қойшыбек те өз қарсыласынан басым түсті. Айта кетейік, Алтынбек Бажимов FIGHTNIGHTSGLOBAL тұжырымы бойынша 26 мамырда Мәскеуде өтетін жекпе-жекке қатысады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: egemen.kz.