ШЫМКЕНТ. 26 сәуір. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мақтаарал – еліміздегі ең халық көп тығыз қоныстанған аймақ. Осында шаруалармен жүздескен министр жұмыс барысында «Биофабрика – Жетісай» серіктестігінде болып, жұмыспен танысты.
Шаруалармен жүздесуде ағын судың тапшылығы, жер құнарлығын көтеру, мақта егісінің көлемінің аздығы сияқты мәселелер көтерілді.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz