АСТАНА. 28 сәуір. Тайвань аралының шығыс аймағында өткен түні қатарынан 26 рет жер асты дүмпуі болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орталық метеорологиялық басқарманың директоры Синь Цзайцинь жер сілкінісінің магнитудасы 5,6 баллға дейін жеткенін мәлімдеді. Оның эпицентрі елдің солтүстік-шығысындағы Хуалянь және Илань уездерінің аралығында орналасқан.
Өткен түні Тайдун аймағында күші 5,5 баллға дейін жеткен жойқын зілзала орын алды. Зардап шеккендер жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Халқы 23 миллион болатын Тайвань аралы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Осы жылдың 6 ақпан күні магнитудасы 6,4 баллды құраған жойқын зілзаладан Тайнань аралында көптеген ғимараттар қирап, 117 адам қаза тапты. Мәліметтер бойынша, олардың басым бөлігі қирап қалған 17 қабатты үйдің тұрғындары.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: lapresse.ca.