• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Ақтөбеде 234 жас отбасы баспаналы болды

293 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 28 сәуір. Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Өңірлерді дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша бой көтерген тоғыз қабатты  жаңа үйдің пәтерлерінің кілттерін иелеріне салтанатты жағдайда тапсыру шарасы өткізіліп, осыншама жас отбасы қуаныш құшағына бөленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Салтанатты шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов жас отбасыларды мереке қарсаңындағы мерейлі сәттерімен құттықтады. «Үш жылдан бері облыста «Өңірлерді дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде .«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының белсенді жұмыс жүргізуімен 234 жас отбасы жалдамалы пәтерге қол жеткізіп отыр.Елбасының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан осындай игі істер алдада  жалғасын табады», деді ол . Шара барысында қала әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының басшысы Нұрлан Күзембаев жас отбасыларына пәтер кілттерін  салтанатты  жағдайда тапсырып, лента қию рәсімін жасады Салтанатты рәсімде қуаныш иелері атынан сөз сөйлеген Еркебұлан Қаниев Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаның жас отбасылар үшін тиімділігі зор екенін айтып, қала әкімдігі мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдеріне алғыс сезімін жеткізді. Пәтер кілттері қолдарына тиген жас отбасылар жақсы бастаманың басында болып, аулаға жас ағаш көшеттерін отырғызды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz