• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2016

Қарызды қайтару қамы

306 рет
көрсетілді

Семейдің әкімін де іске қосты Шығыс Қазақстан облысына қарасты Семей шаһарын­да жылуды пай­даланғаны үшін төлемақы төлемегендермен күрес­тің тың жолы табылды. Қала әкімі Ермек Сәлімов қолы қалт еткенде борышкерлерге хабарласып, берешекті тезірек қайтаруды өзі өті­нетін болыпты. Ал осы демалыс күндері қала басшысы қоңырау шалған 15 тұрғынның арасында қа­рызы 200 мың теңгеге дейін жеткендер бар. Бүгінде қаладағы жылу­ға қарыздың жал­пы көлемі – 600 миллион теңгеге жуық. Бұл көрсеткіш жақын арада төмендеуі тиіс. Әкім хабарласқан семейліктердің басым бөлігі қарызды 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін төлеуге уәде беріп отыр. – Кей тұрғындар әкімнің қоңырау соққанына таңдана қараса, кейбір жандарға бәрібір, ал келесі біреулері қарыз екендіктерін мойындаса да төлемей­тіндіктерін айтады. Ал біз қарызды тезірек жинауымыз керек. Уақыт тығыз болғандықтан, бұл жұмысқа мен де кіріс­тім, – дейді қала әкімі Ермек Сәлімов.  Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» СЕМЕЙ