• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №245

264 рет
көрсетілді

2016 жылғы 25 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 15 маусымдағы №906 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы №906 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде: 3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тиісті қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимиті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыш лимитіне, жоспарланатын қаржы жылында валюталарды айырбастаудың есептік бағамын есепке алумен, республикалық бюджеттің тапшылығын ішкі нарықтағы үкіметтік қарыз алу және сыртқы нарықтағы үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың жалпы көлеміне сүйене отырып қалыптастырылады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі. 3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі немесе валюталарды айырбастаудың есептік бағамы өзгерген жағдайларда, республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: «3.2. Жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамына қатысты валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгерген жағдайда, үкіметтік борыш лимиті асып түсуі мүмкін.»; 6, 7, 8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылған жағдайларда борыш лимиті жоспарланатын қаржы жылында қарыз алуды және қаражат көлемін ескере отырып қалыптастырылады; 7. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықтағы айналым үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға ішкі нарықтағы айналым үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылған жағдайларда: 1) борыш лимиті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған өз борыштарына дербес қызмет көрсету және оларды өтеу мүмкіндігінің есептемелері ескеріле отырып қалыптастырылады; 2) лимитті есептеу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің бюджеттік алып қоюларды шегергенде, салықтық және салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін кірістеріне (бұдан әрі - меншікті кірістер) негізделе отырып жүзеге асырылады. 8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған лимитін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде айқындайды. 8-1. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджеттік өлшемдер өзгерген жағдайда, республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.»; көрсетілген Ережеге 2-қосымшада: 1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады: Lslg = Dlg + BdefLg + Ss – Plg, мұнда Dlg - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы; BdefLg - бюджеттік заңнамаға сәйкес жоспарланатын қаржы жылында белгілі бір мақсаттарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен берілетін қарыздар; Ss - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында шығаруы болжанатын мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі; Plg - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі. 2. Айқындалатын лимит мынадай талапқа сәйкес болуы тиіс: Lslg < МахL, мұнда Lslg - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы өзінің меншікті кірістеріне қатысты лимиті; МахL - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті, бүл оның меншікті кірістері көлемінің 75%-ын құрайды.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ