АСТАНА. 3 мамыр. Сирияның үкімет әскері Алеппоның батыс жағында жүргізген арнайы операция кезінде 30 содырдың көзін жойды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Аль-Маядин» телеарнасының хабарлауынша, қақтығыс кезінде тағы да бірнеше содыр жараланып, лаңкестік топ шегінуге мәжбүр болған. Ресми мәліметтер бойынша, шабуыл «Джебхат ан-Нусра» экстремистік ұйымы мен оқ атпау келісімін бұзған оппозиция өкілдеріне қарсы жасалған.
Айта кетейік, 30 сәуір күні Латакия мен Дамаск қалаларында уақытша оқ атпау режімі енгізілген.
Аян Әбдуәли.
Дерек: 24.kz.
Фото: glavlist.ru.