АСТАНА. 3 мамыр. Гаити жағалауында желкенді кеме апатқа ұшырап, 21 адам мерт болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кеме Бомбардополис қаласынан Гонаив аймағына бағыт алған. Алайда, күтпеген жерден суға батып кетті. Қаза тапқандардың денелері Артибонит департаментіндегі жағалаудан табылды.
Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Алайда, алдын ала болжам бойынша, ауа райының күрт өзгеруінен болуы мүмкін. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: bradtguides.com.