ПЕТРОПАВЛ. 3 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Сәдуақасов облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жанат Сәдуақасов 1981 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Петропавл ауыр машина жасау зауытында инженер-конструктор болып бастаған. 2007-2010 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман, бөлім жетекшісі қызметтерін атқарған. 2010-2015 жылдар аралығында облыс әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болған.
Осы тағайындауға дейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметі.