• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Петропавлда белгілі қоғам қайраткеріне ескерткіш тақта қойылды

309 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 3 мамыр. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғимаратының қабырғасына белгілі қоғам қайраткері, айтулы ғалым, техника ғылымдарының докторы Қайырбек Оразовтың құрметіне ескерткіш тақта қойылып, оның ашылу салтанатына облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен марқұмның туған-туыстары қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасағар egemen.kz тілшісі хабарлады. Ел Тәуелсіздігінің өңірде орнығуына, қалыптасуына Қайырбек Оразовтың сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол Қарағанды политехникалық институтының Петропавлдағы филиалына жетекшілік ете жүріп, ғылыми-техникалық сала үшін білімді шәкірттер даярлады. Оның қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ретінде ана тіліміздің өркен жаюына, қазақ мектептері мен сыныптарының ашылуына қосқан зор үлесін жерлестері ұмытпақ емес. Бірінші сайланған Жоғарғы кеңес депутаты ретінде де қоғамдық жұмыстардың алыңғы легінен көрінді. Премьер-министрдің кеңсесінде қызмет атқара жүріп, өмірден ерте озды. Ол жайлы зайыбы Сапура Оразова, шәкірті Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры Бақытжан Бәкенов, тағы басқалары естеліктер айтып, адамгершілік қырлары жайлы әңгімеледі. Айта кетейік, бүгінде ұлы Берік әке жолын абыроймен жалғастырып келеді. Өмір Есқали. Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.