• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Палуан Еламан Ерғалиев «Сыр барысы» атанды

466 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 мамыр. Қызылорда қаласы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысының финалдық кезеңі мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Алтын белбеу» жарысы бір айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі палуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Бірінші кезең ауыл арасында өткізіліп, оған 5 731 спортшы қатысты. Екінші кезең аудан, қала арасында өтті. Бұл жарыстарда 1 476 спортшы бақ сынасса, финалдық сайысқа 279 палуан қатысты. Барлығы үш кезеңге бөлініп өткен жарыста 7 486 спортшы күш сынасты. «Алтын белбеу» жарысы өте тартысты өтті. Өйткені, әрбір палуанның белдесуге тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды. Түйе палуан сайысына 19 спортшы қатысты. Олардың арасында қармақшылық Еламан Ерғалиев «Сыр барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн. 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. «Сыр арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр сұңқары» - аралдық Нұрым Сәлімгереевке 400 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Жарыста кіші жасөспірімдер арасында Жалағаш ауданының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді. Ал жасөспірімдер арасында Арал ауданы мен Қызылорда қаласының жеткіншектері өздерінің мықтылықтарын байқатты. Жастар мен ересектер арасында Қармақшы ауданы, Қызылорда қаласының палуандары да бірнеше жүлдені иеленді. 3 шілде күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Еламан Ерғалиев пен Руслан Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы.