«Нұр Отан» партиясының аймақтық және аумақтық барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтағы этномәдени бірлестіктерімен үндесе отырып, халық арасындағы достықты, ынтымақты нығайту және тұрақтылықты насихаттау мақсатында жер-жерде «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» республикалық акциясын өткізді.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы еліміздегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге Парламент Мәжілісі, облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттары да қатысып, шалғай елді мекендерге шығып, азаматтарға Елбасының «Әлем. ХХI ғасыр» манифесі, «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын және Қазақстан халқы Ассамблеясының саясатын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар жүргізіп, көптеген түйінді мәселелерді шешуге ықпал етті.
Соның ішінде ұлттар достығының іс-шарасына еліміздегі қазақ, орыс, белорус, өзбек, неміс, ұйғыр, корей және өзге де ұлттық бірлестіктердің өкілдері қатысып, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындады.
Жалпы алғанда, өткізілген республикалық акцияда тағы да ұлттар арасындағы татулықтың, достықтың және туысқандықтың туы желбіреп тұрды.
Асқар ҚҰМАРБАЙ,
«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты