ШЫМКЕНТ. 4 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов журналистермен өткізген брифингте Жер кодексінің шаруаларды қорғайтынын айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жер шетелдіктерге сатылмайды, тек жалға беріледі.
Жалпы, барлығына Заң бірдей, шетелдіктерге де, Қазақстанға да. Егер ол мақсатсыз пайдаланып жатса, талапты бұзса, мемлекет меншігіне қайтарылады», деді Созақбай Исаұлы.
Оның айтуынша, жерді 49 жылға жалға алып, пайдаланып отырған шаруаға беріледі. Өйткені, заң шаруалардың мүддесі үшін жасалған. Ол өзі пайдаланып отырған аумақты гектарына белгіленген бағаның 50 пайызымен 10 жылға бөліп төлеуіне мүмкіндік жасалады. Бұл шаруалар үшін өте тиімді. Ал, егер 5 жылдың ішінде 2 рет жерді пайдаланбаса, оған ескерту беріледі. Бір жылдың ішінде ол қайтадан пайдалану жұмыстарын жалғастырмаcа, сот арқылы қайтарылады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz