• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2011

Сенат бюросының отырысы өтті

443 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт То­қаев­тың төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюро­сы­ның отырысында палатаның 27 қаңтарда болатын жалпы оты­ры­сының күн тәртібін қалыптастыру туралы тұрақты коми­тет­тер­дің ұсыныстары қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Палата отырысында талқы­лауға «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвен­циясын ра­тификациялау туралы (12.09.1997 ж. Хаттамамен енгізілген түзетулермен 21.05.1963 ж. Ядролық залал үшін азамат­тық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мә­ті­ні)» заң жобасы ұсынылатын болды. Сонымен қатар, «Ғылым ту­ралы» және қолданыстағы заңна­ма­ларға ғылым мәселелері бой­ын­ша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы да депутаттар наза­рына ұсынылады. Отырыста сондай-ақ кейбір заңдарға шаруа немесе фермер қожалығы туралы өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы бой­ынша құрылатын келісім комис­сиясының құрамына депутаттар өз әріптестерін сайлайды. Бюро отырысында Сенаттың 2011 жылға арналған негізгі шаралар жоспары да қаралды.