Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
С.Қайырбекова Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы баяндады.
– Президент Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді, деді С.Қайырбекова.