• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

Жыл басы жаңалықтарға толы

452 рет
көрсетілді

Қоян жылын қарғалылықтар жар­қын жаңалықтармен бастады. Мұнда жаңа жыл қарсаңында бірнеше жаңа нысандар пайдалануға беріліп, ауыл­дардың әлеуметтік жағдайын жақ­сарт­ты. Петропавловка ауылында рес­пуб­ликалық «Ауыз су» бағдарла­масы бо­йынша бөлінген 155 миллион теңгеден астам қаржыға қайта ж­а­рақтанды­рыл­ған су құбыры іске қо­сылды. Осы жұ­мысты жүргізген «Ақ­төбе арнаулы құ­рылыс құрас­тыру» ЖШС Шәмші Қал­даяқов атындағы ауылдың да су құбырын қайта жарақ­тандырды. Бұл құрылысқа 122 миллион теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен бөлінген 135,5 миллион тең­геден астам қаржы Мамыт ауы­лын­да да ауыз су мәселесін шешуге алғышарт жасады. Сумен қамта­масыз ететін екі нысан құрылысы биыл аяқ­талады. Сондай-ақ, үстіміздегі жы­лы Қайрақты ауылы да ауыз сулы болады, бұл үшін республикалық бюджеттен 100 миллионға жуық теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дарламасы бойынша бөлінген 9 миллион теңгеге Қосестек селолық округіне қарас­ты «Жаңа тұрмыс» шаруа­шылық құры­лы­мы­ның мал шаруашы­лығы кешеніне электр желісі тартылды. Шаруашылық бас­­шысы Мұрат Құбиев­тің қуанышында шек жоқ. Қуанбағанда ше, электр қуатымен көп шаруаны тын­дыруға болады, малшы­лар да тұрмыс­тық игіліктерді көретін болды. Ауданда жаңа жыл қарсаңында көп­теген жеке кәсіпкерлік нысандары ашыл­ды. «Ақтөбе-Ор» халықаралық трассасы бойын­да 24 орындық «Родничок» кафесі пай­да­лануға берілді. Мұнда жо­лаушылар ты­­нығатын үш бөлме бар. Осымен бір мезгілде аудан орталығы Бадамшада ашыл­ған «Керемет» және «Бақдәулет» кафелері де тұтынушы­ларды қабылдай бастады. Мұнда келушілерге қаладағыдай жағ­дай жасалған. Кең де сәулетті кафелерде қызмет көрсету мәдениеті де жо­ғары. «Альбина» жеке дүкені де қарға­лы­лықтарға жаңа жылдық тарту болды. Осы ашылған жеке кәсіпкерлік нысандарының барлығы да «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе өкілдігінің қаржы­сы есебінен несие алу арқылы іске қосылып отыр. Өкілдіктің директоры Гүлжанат Ерғазинаның мәлімдеуін­ше, өткен жылы бөлінген қырықтан астам несиенің 14-ін қарғалылықтар алған екен. Несие қаржысы толық игеріліп, өз мақсатына жұмсалыпты. Күрделі жөндеуден өткен аудан­дық өлкетану мұражайы да жаңа жылда келушілерге есігін айқара ашты. Бұрын бір-екі бөлмеде орна­лас­қан мұражай күрделі жөндеуден кейін адам таны­мастай өзгерген. Ғимарат кеңейіп, жаңа экспонаттар қоюға мүмкіндік туды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.