• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2016

Күн тәртібі нақтыланды

308 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына Қазақ­стан мен Халықаралық Қайта Құ­ру және Даму Банкі арасын­дағы Қарыз туралы келісімді (Мак­ро­экономикалық басқа­ру және экономиканың бәсеке­ге қабі­леттілігін арттыру сала­сын­­дағы даму саясатын қаржы­лан­­­дыру бойынша бірінші кре­дит) ратификациялау тура­лы заң жобасы ұсынылмақ. Бұл заң жо­басы Қазақстан Үкіме­ті­нің макро­экономикалық тұрақты­лық­ты қамтамасыз ету және елдің орнық­ты экономикалық өсуі үшін қажет­ті жағдайлар жасау шараларын жүзеге асыру мақсатын көздейді. Сонымен қатар, жалпы оты­рыста 2014 жылғы 23 жел­тоқ­сандағы ЕАЭО шең­берінде дәрілік заттардың және меди­ци­налық бұйымдар (медици­на­лық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айна­лысы­ның бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Арме­ния Республикасының қосы­­луы туралы хаттамаларды рати­­фи­кациялауға қатысты заңнамалық құжаттар жұмысқа қабылданады деп күтілуде. Осы күні қорғаныс және әскери қызмет, сондай-ақ, бәсекелестік мәселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобалары жөнінде бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.