• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №253

250 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 44-бабының 3) тармақ­шасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиім­ділігін арттыру мақсатында қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Ақ­­парат және коммуникациялар министрлігі, оған Қазақстан Респуб­ликасының Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат, ақпарат­тандыру және байланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қа­зақстан Республикасының Ауыл ша­руашылығы министрлігіне жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. «Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік қызмет істері министр­лігі;» деген жолдан кейін мынадай маз­мұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Ақ­па­рат және коммуникациялар министр­лігі;». Осы Жарлықтың орындалуын ба­қылау Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр №253