• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

219 рет
көрсетілді

Д.Ә.Абаевты Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметіне тағайындау туралы Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр.

Дәурен Әскербекұлы АБАЕВ

1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастады. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы және Нидерланд Корольдігіндегі дипломатиялық миссияларында жұмыс істеді, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметін басқарды. 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істейді. Президент Протоколының бас сарапшысы, консультанты лауазымдарында қызмет атқарды. Президент Баспасөз хатшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтеріне тағайындалған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдан – Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы.№ 254