• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2016

Цеснабанк «Ардагерлерге қолдау көрсету!» акциясын бастады

278 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біздің қолдауымыз бен көңіл бөлуіміз өте қажет.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Мемлекетіміздің тарихындағы ең маңызды күндердің бірі, 9 Мамыр – Жеңіс мерекесі жақын­дап келеді. Осыдан 71 жыл бұ­рын біздің аталарымыз бен әкелері­міз Ұлы Отан соғысында жеңіс­ке жетті. Олар жанқиярлық ерлік­терінің арқасында Отанымызды қорғап, бізге бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлады. Цеснабанк ардагерлердің күнделікті өмірінде тұрақты негізде көмек көрсетуге үндейтін «Ардагерлерге қолдау көрсету!» акциясының басталғаны жөнінде хабарлауды зор мәрте санайды. Өйткені, Цеснабанк жыл сайын Жеңіс күнін мерекелеуге бел­сене қатысады. 2016 жыл­дан бастап Цеснабанк ай сайын­ғы материалдық көмек көр­сету ар­қылы өзіне Қазақстан қала­­лар­ын­дағы 23 ардагерге қамқор­лық таныту құрметін зор мақта­ныш­­пен қабылдап алады. Жеңіс жауынгерлерінің болашақ үшін жасаған ерен ерліктері баға жетпес мақ­та­ны­шымыз! Олар келешек ұрпақ, біз­дің еркіндігіміз үшін күресті! Ұлы Отан соғысының адамзат баласының жанына салған жан жарасын жадында сақтаған барлық азаматтарды акцияны қолдауға және ардагерлерге үнемі қамқорлық таныту міндетін алуға шақырамыз. Ұлы Жеңіс жасасын! Айбынды жауынгерлер жасасын! Акция жайлы толығырақ біздің ресми сайтымызда: www.tsb.kz Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»