• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2016

Соғыс ардагерлеріне таксиде тегін жүру сертификаты тапсырылды

323 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 8 мамыр. Қостанай облысында «Өмір бойы таксимен тегін жүрсін» акциясы ұйымдастырылып, шара аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне таксиде тегін жүру сертификаты тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қасымхан Алдабергенов пен Михаил Подоляковқа таксиде тегін жүру сертификаты салтанатты түрде тапсырылды. Ардагерлерге қызметті «Такси-CITY» фирмасы көрсететін болады. Бұл жеңілдік ардагерлерге Қостанай қаласында беріледі. Мамыр айының басындағы мәліметтер бойынша Қостанай қаласында Ұлы Отан соғысының 100 ардагері тұрып жатыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.