• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2016

Қостанай суицидтік оқиғалар жөнінен еліміздегі бестікке кіреді

289 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 8 мамыр. Қостанай облысы жасөспірімдер арасындағы суицидтік оқиғалар саны жөнінен республика аймақтарының бестігіне кіріп отыр. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың айтуынша, жыл басынан бері суицидтік бірнеше оқиға тіркелген. Оның ішінде 8 жасөспірім өмірден қоштасуға ұмтылған, 2 жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Облыс өңіріндегі аудандар мен қалалар арасында бұл жөнінен Рудный қаласы басты орында тұр. Рудный қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ольга Каноненконың мәліметінше, суицидтік фактілердің басым көпшілігі компьютермен байланысты көрінеді. Сондықтан қалада барлық қажетті шаралар қарастырылып жатыр. Қалалық прокуратурамен бірлесіп, суицидтік бағыттағы желілер бақыланады, балалармен және олардың ата-аналарымен нақты жұмыстар жүргізілуде. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: alau.kz.