• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2016

Қақтығыс кезінде 28 содырдың көзі жойылды

282 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 мамыр. Ауғанстанның шығысында арнайы операция кезінде «Талибан» қозғалысының 28 содырының көзі жойылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үкімет әскері сонымен қатар, мемлекеттің солтүстік-шығысындағы Тахар провинциясында да арнайы операция жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 15 елді мекен экстремистерден азат етілді. Айта кетейік, соңғы кездері Ауғанстандағы жағдай қатты шиеленісіп тұр. Бірнеше аумақты басып алған лаңкестер үлкен қалаларға да шабуыл жасай бастады. Осыған байланысты үкімет әскерилері мен аталған топтың содырларымен арада қақтығыстар жиі болып тұрады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.