• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2016

Мексикада миллиондаған көліктің жүруіне тыйым салынады

354 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 мамыр. Мексиканың астанасы Мехико қаласында экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2 миллион көліктің жүруіне тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Соңғы бес күн ішінде аталған қала көк түтінге көміліп тұр. Осыған байланысты көлік қозғалысының 40 пайызына шектеу қойылмақ. Сонымен қатар, Мехикодағы фабрикаларға зиянды қалдық шығару көлемін азайту міндеттелді. Мәліметтер бойынша, бұл іс осы жылдың 30 маусымына дейін өз күшінде болады. Ауа райының ластығына байланысты тұрғындарға күндізгі сағат 13:00-19:00 арасында сыртқа шықпауға, сондай-ақ арнайы бетперде киіп жүруге кеңес берілді. Аян Әбдуәли. Дерек: 24.kz. Фото: pro100news.info.