• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2016

Ақтөбеде әскерилер марапатталды

249 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 9 мамыр. Ақтөбеде №6655 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты шара болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған әскери құрам, соғыс және еңбек ардагерлері, мектеп оқушылары қатысты.  Салтанатты шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сөз алып, әскерилерді және жиналғандарды төл мерекесімен және Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. «Тәуелсіз мемлекетіміздің салтанат құруында аға ұрпақтың жауынгерлік ерлік өнегесінің маңызы зор. Ал, қазір қызмет етіп жатқан әскерилер егемен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел тыныштығын қорғауда өлшеусіз еңбек етіп келеді. Бұл әрбір қазақстандық үшін абыройлы міндет, азаматтық парыз», дей келіп өңір басшысы мерекемен құттықтады. Мерекелік шара аясында бір топ әскерилерді «Мінсіз қызметі үшін» медалымен марапаттау рәсімі болды. Олардың арсында капитандар Қайрат Оспанов, Асылан Нұрғазиев, аға лейтенант Артур Абдрахманов ІІІ дәрежелі, аға сержанттар Ғалымжан Мералы, Ғалымжан Қожақұлов ІІ дәрежеелі, подполковник Манарбек Қабизов, майорлар Есболат Өнербаев, Шынар Жұманбетова және лейтенант Сергей Гапаров І дәрежелі  «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.Әскери бөлімнің бір топ жауыншгерлеріне өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау. Бір топ әскерилерге азаматтардың қауіпсіздігін қорғау міндетін абыройлы атқарғаны үшін облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды. Осындай марапатқа ішкі істер әскерінің ардагерлері Амангелді Оспанов пен Карп Маловой да ие болды. Шара барысында әскери бөлім жауынгерлері салтанатты шерумен өтті. Шараға қатысушылар әскери қару –жарақпен, техникамен танысты. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz Фото: Хайреден Раушанов. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e