• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2016

Лаңкестік әрекеттен 3 адам опат болды

224 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 мамыр. Сомалидің астанасы Могадишо қаласында лаңкестік әрекеттен 3адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Шангани ауданындағы жол полиция участогына таяу жерде болды. Дәл осы маңайда жанкешті мінген көлік жарылған. Сонымен қатар, бірнеше адамның түрлі деңгейде жарақат алғаны белгілі болды. Айта кетейік, Сомали мемлекетінің астанасында лаңкестік әрекеттер жиі орын алып тұрады. Осыған байланысты, үкімет әскері мен содырлар арасында қақтығыстар болады. Биылғы жылдың сәуір айында ондаған адам мерт болып, көптегені зардап шекті. Мәліметтер бойынша, бұл әрекеттердің көбіне «Аш-Шабаб» радикалды ұйымының қатысы бар. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».