• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік жеткілікті

273 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­циясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп ­хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспа­сөз қызметі. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынты­мақтастықтың қазіргі аспектілерін, сондай-ақ, күн тәртібіндегі бір­қатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев В.Пу­тин­ді Ұлы Отан соғысындағы Же­­ңістің 71 жылдығымен және Вос­­точный ғарыш айлағынан алғаш­қы зымыран ұшырылуымен құттықтады. – Бүгінде кез келген мемлекет осындай заманауи ғарыш айлағын іске қоса алмайды. Бұл Сіздің қолыңыздан келді.  Сіздің ел үшін осы бір тарихи оқиға көптеген ұрпақтың жадында қалатын болады, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев биыл Жоғары Еура­зиялық экономикалық кеңестің отырысы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті және ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі өтетінін еске салды. – Биыл күн тәртібінде көп кездесу бар, бағдарлама ауқым­ды. Қазіргі күрделі кезеңде Еу­ра­зиялық экономикалық одақ қалыпты режімде дамып жатыр. Дағдарыс уақытында туындап жат­қан қиындықтарды еңсеруге бо­лады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Ресей Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жыл­ды­ғына арналған парадқа қаты­су мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Біздің қарым-қатынасы­мыз да осылай жақсы әрі жан-жақты дами беретініне се­нім­дімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара се­німді нығайтып, достық бай­­ла­ныстарымыздың бұдан әрі дами беруі үшін жақсы жағдай қа­лыптастыратыны сөзсіз, – деді В.Путин.