• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Ардагерлер ардақталды

332 рет
көрсетілді

Теңдесі жоқ қаһармандықтың, ерліктің және бейбіт тұрмыс пен Отанның бостандығын қорғап, халқымыздың рух күшінің символына айналған адамзат тарихындағы ең қантөгіс соғыста 55 солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батыры, 11-і «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды. Аты аңызға айнал­ған 314-ші атқыштар дивизиясы Қызылжар өңірінде құры­лып, 20-дан астам қала мен 1 мыңға жуық елді мекенді жаудан азат етті. Ұлы Жеңіс күні сұрапыл қан майданда от кешкен кешегі жа­у­ын­­­герлердің – бүгінгі май­дан­гер­лердің ерлік жолдары өскелең ұр­пақ үшін үлгі-өнеге мектебі, Отан­ға деген адалдықтың үлгісі ре­тін­де ардақталып, лайық­ты түр­­де атап өтілді. Театр ала­ңын­­да өткен ми­тингте аймақ бас­­шы­сы Ерік Сұлтанов сөз сөйлеп, сол­­түс­­тік­қа­зақ­­­стан­­дық­­тар­дың ор­тақ же­ңіс­ке зор үлес қос­қа­нын, бү­гін­гі күні бірлік пен келі­­сім басты құн­дылығымыз бо­лып табы­ла­тынын көлденең тартты. Қала жұрт­­шылығының қатысуымен «Же­ңіс» стелласына, «Мәңгілік алау­­­ға» гүл шоқтары қойылып, ел, же­р үшін жандарын пида ет­­кен боз­­­дақтардың рухы еске алынды. Орталық алаңда «Ешкім де, еш­теңе де ұмытылмайды» тақыры­бын­да ұйымдастырылған патриоттық ком­позиция май­дан даласына ат­тан­ған жауын­герлердің ерлікпен өріл­ген өмір­лерін көз алдымызға елестетіп, патриоттық сезімдерге қозғау салды. Содан бері арада қаншама жыл өтсе де, жеңіс даңқы халық жадынан өш­пейтінін, жүректерде мәңгілік сақ­та­латынын тағы бір айғақтап берді. Қаланың басты көшелерімен мотошеру, автошеру колон­налары сап түзеп өтіп, мереке шырайын аша түссе, «Мәңгі өлмес полк» парадына қаты­су­шылар қатары өте қалың бол­ды. Концерттік бағдарламаға этномәдени бірлес­тіктер де белсене қатысып, түрлі тілдерде жеңіс ән­дерін әуелете шырқады. Жеңіс мерекесі түнгі от­шашуға жалғасты. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» ПЕТРОПАВЛ