• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Батырларға тағзым

578 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері Кеңес Одағының қаһармандары Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлы атындағы Мәскеудің №402 және №1912 (Зеленоград) мектептеріне барды. Қазақстан дипломаттары мектеп оқушылары ұйымдастырған қа­­һармандарды еске алу салта­нат­ты шараларына қатысып, ба­тыр­лардың ескерткіштеріне гүлдер қойды. Іс-шараларға соғыс және ең­бек ардагерлері, Мәскеудегі қан­дас­та­рымыз және студенттер қатысты. Мектеп оқушылары мереке­лік концерт ұйымдастырып, со­ңы­нан қонақтарды мектеп жанында ­құ­рылған Әлия Молдағұловаға және Бауыржан Момышұлы­на арналған мұражайлармен та­ныстырды. «Егемен-ақпарат»