• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Қазақстан азаматы Үндістандағы қонақ үйде қайтыс болды

297 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 мамыр. Кеше, 9 мамыр күні Қазақстандық турист Біржан Өмірзақов есімді азаматтың өлі денесі Үндістанның Вриндаван қаласындағы қонақ үйлердің бірінен табылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазақстандық Біржан Өмірзақов елге туристік визамен келген. Ол Вриндаван полициясы учаскесіне қарайтын Никунж Ашрамда кеше кешкілік (8 мамырда) бөлмені жалға алған – деді жергілікті полиция өкілдері. Сондай-ақ, қонақ үй қызметкерлері: «Бүгін таңертең (9 мамыр) ол есігін ашпаған соң полицияға шұғыл хабар берілді. Олар бөлмеде мәйіттің үстінен шықты», – дейді. Айта кетейік, полицейлер Қазақстан Республикасының елшілігіне бұл оқыс оқиға жайлы хабар берген. Қазіргі таңда мүрде жергілікті мәйітханада. Орын алған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Талғат Райымбек. Дерек: inform.kz. Фото: svopi.ru.