• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Қытайда толассыз жауыннан 9 адам қаза тапты

257 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 мамыр. Қытайдың Оңтүстік, Шығыс, және орталық бөлігінде толассыз жауған нөсерден 9 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, толассыз нөсер халықты әбігерге салған. Қаза тапқандардан бөлек, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен. «Табиғаттың тосын мінезінен миллиондаған адам зардап шеккен. Елдің бірнеше өңірінде сел жүріп, лай көшті. Салдарынан электр бағандары үзіліп, он мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді», – дейді құтқарушылар. Айта кетейік, бір ғана Цзяси провинциясының өзінде нөсерден 500-ден астам үй су астында қалған. Жергілікті метеорологтар нөсер әлі бірнеше күн жауады деген болжам жасауда. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.