• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2016

Әлемдегі ең үлкен гауһартас 63 млн. долларға сатылды

301 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 мамыр. Канаданың Lucara Diamond Corporation кен өндіру компаниясы дүниежүзіндегі ең үлкен гауһарды 63 миллион долларға сатты. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған дейін өңделмеген күйі сатылған асыл тастардың ішінде бұл алмаз ең қомақты бағаға сатылғандардың бірі болды. Lucara Diamond компаниясының кеншілері гауһарды өткен жылы Ботсване мемлекетінде тапқан болатын. BBC-дің хабарлауынша, алдағы маусым айында дәл осы елде табылған тағы бір ірі тас арнайы ұйымдастырылатын аукционда сатылады. Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Гонконгта сирек кездесетін көгілдір түсті гауһар 32 миллион долларға сатылған болатын. Салмағы 10,1 каратты құрайтын құнды затты зергерлер ақ алтыннан дайындалған жүзікке орналастырып, айналасын шағын екі алмазбен сәндеген. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.