• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2016

Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Сұрағанов есімі көшеге берілді

742 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 11 мамыр. Павлодар қаласында Дерибас атындағы көше жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағановтың есімімен ауыстырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Қаладағы «Қазақстан-Павлодар» облыстық телерадио компаниясы орналасқан көше енді Құдайберген Сұрағанов есімімен аталады. Телерадио компания ғимараты алдында өткен салтанатты шараға облыс әкімдігі, облыстық мәслихат, мемлекеттік органдардың өкілдері, зиялы қауым, батырдың туыстары мен жақындары, ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Батыр атамыз 1921 жылы Қашыр ауданы Сұлуағаш ауылында туған. Ол 1941 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, 1-Беларусь майданы 33-армия 142-артиллериялық бригада құрамында соғысқа қатысты. Сталинград түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, госпитальға түскен. Кейін ол Беларусь, Литва, Польшаны азат етуге қатысты. Днепр, Висла, Одер өзендерінен өтті. Атамыз І дәрежелі «Даңқ» орденімен және екі «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. 1946 жылғы Құдайберген Сұрағановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Фото: Валерий Бугаев.