ҚОСТАНАЙ. 11 мамыр. Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасымен бірлесіп, Б. Момышұлы атындағы №5 орта шенді кадеттер мектебінің оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай қалалық №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне бару кезінде балаларға өрт сөндіру-құтқару бөлімінің жұмысы туралы әңгімеленді, отпен күресушілер қолданатын жабдықтар көрсетіліп оның ерекшеліктері түсіндірілді. Оқыту сыныбында балаларға өрт сөндірушінің әскери киімі, өрт сөндірудің алғашқы құралдары мен түтін тараған ғимаратта жұмыс кезінде өрт сөндірушілер қолданатын демалу аппараттары таныстырылды.
Содан соң балаларға төтенше жағдайлар департаменті мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, онда оларға әр кезеңдегі экспонаттар – 1914 жылғы қол сорғысы, ХХ ғасыр ортасындағы байланыс құралдары, заманауи құтқарушы жабдықтар көрсетілді.
Оқушылар экскурсия жетекшісін қызығушылықпен тындады, алғашқы өрт сөндіруші көліктерінің суреттері бар көркем кенептермен, Кеңес Одағы Батырлары мен қызмет ардагерлерінің фото суреттерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар болашақ ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, құтқарушы мамандығын таныту мақсатында жүргізіледі.
Нәзира Жәрмбетова.
Дерек, фото: Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.