• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Тағайындаулар

303 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Жанар Сейдахметқызы Айтжанова Қазақ­стан Республикасының Швейцария Конфе­де­рациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі қызметінен босатылды. Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Респуб­ликасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып; Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып; Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Майнура Саветқызы Мырзамадиева Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен; Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.