Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Т.Донақов таяуда құрылған министрлік қызметінің осы аралықтағы нәтижелері, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесінің қазіргі ахуалы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті «Ұлт Жоспары» аясындағы кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
Т.Донақов биылғы бірінші тоқсанда министрлікті ұйымдастыру кезеңі аяқталғанын, оның орталық және өңірлік деңгейдегі құрылымы айқындалғанын айтты. Министрлік бәсекеге қабілетті кадрлар құрамынан жасақталды және қойылған міндеттерді орындауға дайын.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ