Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының өткен жылғы бақылау жұмысының қорытындылары жарияланды.
Бақылау инспекциясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылы Астана қаласы бойынша 143 млрд. теңгені пайдалану заңдылығы мақсатында 350 бақылау іс-шарасы жүргізілген. Бұл ретте заңнаманың нормаларын бұзушылықтар 89,1 млрд. теңге сомасын құраған. Жіктеп айтар болсақ, қаржылық – 21,7 м???.лрд. теңге, рәсімдік – 22,4 млрд. теңге, бюджетті атқару бойынша – 11 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар 34,2 млрд. теңге сомасында.
Инспекцияның енгізген ықпал ету актілері бойынша бюджет кірісіне қайтарылуы және есепке алу бойынша, сонымен бірге, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өнім берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындауы бойынша қалпына келтірілуі тиіс қаржының жалпы сомасы 15,6 млрд. теңге болып отыр. Оның жалпы сомасы 15,5 млрд. теңгені немесе 99,3 пайызын қайтару және қалпына келтіру қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, бақылау нысандары 29 мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жойған және қайта қараған.
Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде. Сондай-ақ, есепті кезеңде 127 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке, 388 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің белгілері болуына байланысты құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдауға 32,7 млрд. теңге сомасын құрайтын 19 материал жіберілген.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»