ШЫМКЕНТ. 12 мамыр. Астанадағы «Қазақстан барысы» турниріне Оңтүстік Қазақстан облысының атынан тағы да Жұманазар Eрсұлтанов барады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Түйе балуандар сынына аудан, қалалардан апайтөс 22 балуан жиналған. Шымкенттегі жоғары кешенді спорт ғимаратында өткен белдесуде ордабасылық Жұманазар Ерсұлтанов үздік шықты. Ал, екінші орын өткен жылы да финалға шыққан Нұрсұлтан Мыңғышевқа бұйырды.
Айтқандай, Жұманазар балуан Арыс қаласында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің қазақ күресінен 59 мәрте ұйымдастырған турнирінде де үздік шығып, жеңіл автокөлікті жеңіп алды. Жұманазар Ерсұлтанов бұған дейін «Қазақстан барысында» қола жүлдеге ие болған.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e