• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Ғылымның дамуы – елдің дамуы

1766 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова Тәуелсіз­дік­тің 25 жылдығы аясында На­зар­баев Уни­вер­ситетте ұйымдас­ты­рыл­ған «Зияткерлік Қазақстан» та­қы­рыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.  Алқалы жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақ­стан­дық және шетелдік танымал ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшы­лары, ғылым саласындағы қазақ­стандық сарапшылар қатысып, орамды ойларын ортаға салды. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық ғылымның әлеуетін өсіруге айрықша мән беретіндігін атап өтті. «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясында белгіленген міндеттер экономиканың ғылым­ды қажет ететін салаларын құру­мен байланысты екеніне баса назар аударды. Және де, ол жаңа технологиялық деңгейге шығу үшін экономиканың әрбір саласы инновациялық қа­дамдарды қажет ететінін жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекеттік хат­шы бүкіл әлемде жаһандық бәсекелестікті құрайтын жоғары білік­ті мамандарға және ғылыми зерт­теулердің нәтижелеріне, жаңа технологияларға деген сұраныстың бар екеніне тоқ­талып өтті. Ол 2010 жылдан бас­тап Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойын­ша өз позициясын жақсартып келе жатқанын жеткізді. Айталық, 2015 жылы «Инновациялық әлеует» көрсеткіші бойынша 31 позицияға, ғылыми-зерттеу ұйым­дарының сапасы мен инновация бойынша 29 позицияға, ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік көрсеткіші бойынша 21 позицияға көтерілген болатын. Дөңгелек үстел барысында үш панельдік сессия өтті. Он­да отандық ғылымды одан әрі дамы­тудың және қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденіс­терін ілгерілетудің өзекті мәсе­лелері жан-жақты талқыланды. Жиын барысында Мем­ле­кеттік хатшы зерттеудің ішкі ре­сурстарын дамытудың маңыз­ды­лығына, шетелдік ғалымдарды, соның ішінде, шетелде ғылы­ми жұмыстарымен танымал қазақ­стандық ғалымдарды белсенді тарту қажеттігіне ерекше назар аударды. Бүгінде елімізде ғылымды қажет ететін экономиканы қа­лып­тастыру үшін екі зияткерлік-ин­новациялық кластер құрыл­ған. Олар – Назарбаев Универси­теттегі «Астана бизнес кампус» және Алматыдағы «Алатау» тех­нопаркі. Нақты өндірістік жоба­ларды іске асыру үшін кластер­лер базасына жоғары техноло­гиялық компаниялар, сондай-ақ, шетелдік компаниялар да тартылатын болады. Жиын соңында Гүлшара Әбді­қалықова мемлекеттік органдарға қазақстандық ғылымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»